Шымкентте 2 жасар қыз 8-қабаттан құлап, көз жұмды

inform.kz
inform.kz
Бала оқиға орнында көз жұмды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте екі жасар қыз бала жазатайым оқиға салдарынан қайтыс болды. Бүлдіршін сегізінші қабаттағы терезеден құлап кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Құтқарушылардың мәліметінше, кеше сағат 20:40 шамасында көпқабатты тұрғын үйдің сегізінші қабаттындағы терезеден баланың құлағаны туралы хабарлама келіп түскен. Қайғылы оқиға Қаратау ауданының «Нұрсәт» шағынауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, 2019 жылы дүниеге келген бүлдіршін ата-анасының қарауынсыз қалып, терезеден құлаған. Бала оқиға орнында көз жұмды. 

Құтқарушылар ата-аналардан балаларын әсіресе ашық тұрған терезенің қасында қалдырмауын сұрайды. 

Жыл басынан бері Шымкент аумағында балалардың терезеден құлауының алты оқиғасы тіркелді. Үш оқиғада балалар қайтыс болып, тағы үшеуінде жарақат алған.

Новости партнеров