Алматы – Петропавл бағытындағы № 105 пойыз құрамындағы техникалық вагон өртенді
inform.kz
Пойызда 184 жолаушы болған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Петропавл жолаушылар пойызының шұғыл тоқтауына техникалық вагоннан шыққан өрт себеп болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Пойыз жолаушылары отқа оранған техникалық вагонды видеоға түсіріп алған.
Ақпаратты «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі растады.
«Алматы - Петропавл бұл жолаушылар пойызы. Мұнда жолаушылар вагоннан бөлек, техникалық вагон болады. Өрт сол техикалық вагоннан шықты»,- деп хабарлады «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Пойызда 184 жолаушы болған. Олар баратын жеріне басқа пойыздармен жеткізіледі.
Тергеу жүргізу үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ комиссиясы құрылды.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
28.11.2026 15:18
Алматыда 30 қараша мен 6 желтоқсан аралығында ауа райы қандай болады
28.11.2026 09:17
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
28.11.2026 12:55
Денсаулығыңызға көңіл бөліңіз: 28 қарашаға арналған жұлдыз-жорамал
28.11.2026 10:18
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
28.11.2026 14:19