ШҚО-дағы кәсіпорындардың бірінде жұмысшы қайтыс болды

elements.envato.com
elements.envato.com
Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы барды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шығыс Қазақстан облысында жұмысшы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға Маралды ауылындағы тау-кен кәсіпорнында болған. Краншы қаза тапты.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, кран сынғаннан кейін жұмысшы бульдозер жүргізушісінен техниканы сүйретуді сұраған, бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамағандықтан, кран жүргізушісін басып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан ер адам көз жұмды", - деп жазылған басылым мәліметінде.

Оқиға орнына мемлекеттік еңбек инспекторы барған.

Кәсіпорында еңбек заңнамасы мен еңбекті қорғау нормалары сақталуы бойынша жоспардан тыс тексеріс жүргізіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда алты магистральдық көше ұзартылады

Новости партнеров