Маңғыстау облысында қоқиқаздар жаппай қырылып жатыр
Дереккөзден
Бейнеу ауданында мектеп оқушысы Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздардың әр жерде жатқан өлекселерін бейнежазбаға түсіріп алған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында белгісіз себептерден өлген қоқиқаздардың өлекселері сайын далада шашылып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Бейнеу ауданында мектеп оқушысы Қызыл кітапқа енген қызғылт қоқиқаздардың әр жерде жатқан өлекселерін бейнежазбаға түсіріп алған. Аталмыш видео әлеуметтік желіні дүр сілкіндірді.
Желі оқырмандарының құстардың өлімі туралы пікірі екіге бөлінді. Бірі – құстардың өліміне теңіз суының өнеркәсіп қалдықтарымен ластануы себеп болуы мүмкін десе, екінші тобы адамдар әдейі өлтірген деген пікір келтіреді.
Әзірге бұл мәселеге байланысты ресми ақпарат жоқ.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
21.10.2026 11:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34