Қарағандыда биіктіктен беліне арқан байлап секірген әйел мерт болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
33 жастағы әйел 9 қабатты қонақүйдің төбесінен жерге құлап, ауыр жарақат алған. Соның салдарынан шұғыл түрде ота жасалғанымен, науқасты аман алып қалу мүмкін болмады.
Айта кету керек, роуп-джампингтен қаза болған әйелдің артында 2 баласы қалды. Алдын ала жасалған болжамға сүйенсек, әйелдің өліміне арқанның созылмай қалуы себеп болуы мүмкін.
«Қозғалған қылмыстық істің негізінде полиция қызметкерлері аттракцион ұйымдастырушылардың лицензиясы болғанын, я болмағанын, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақату-сақтамау туралы мәселелерін қарастыратын болады. Қазіргі кезде таңдау амалдары жүргізілуде», – деді облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Бақытжан Құдияров.