Жетісуда цистернадан күкірт қышқылы ағып кетті

02.06.2024 в 16:10

Төтенше жағдай орнында зардаптарды жою жұмыстары жалғасуда

Нақтыланған ақпаратқа сәйкес, құтқарушылар алдын ала 10 үйден 46 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ТЖҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жетісу облысы Кербұлақ ауданында 46 адам, оның ішінде 18 бала бар 10 жеке тұрғын үйдің тұрғындары үйлеріне оралды.

Вагон-цистерна Малайсары вокзалынан қауіпсіз жерге – 1 шақырым қашықтыққа сүйретілді.

СЭБД (санитарлық -эпидемиологиялық бақылау департаменті) қызметкерлері топырақ пен ауаға зертханалық зерттеулер жүргізіп, сынамалардың қалыпты шектерде екенін анықтады.

Кербұлақ ауданының РХЗ қорғау қызметі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп залалсыздандыру шараларын жүргізуде.

Оқи отырыңыз: Жүргізуші рөлге ие бола алмады: апаттан төрт адам зардап шекті