Атырау облысында жол апаты салдарынан 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv т
Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырымында 2 жеңіл автокөлік соқтығысқан. Салдарынан 2 жүргізуші мен 5 жолаушы оқиға орынында тіл тартпай кеткен. Тағы 2 адам түрлі дене жарақатымен Жылыой аудандық ауруханасына жеткізілді. Өңірлік полиция департаменті бұл іске қатысты сараптама тағайындалғанын мәлімдеді.
– ҚР ҚК-нің 145-бабы, 4-бөлігі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдаланатын қағидаларын бұзуы абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекеті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Аталған баптың санкциясы 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады, – деді Полиция департаментінің ресми өкілі Дина Мақсотова.