|
17.07.2023 | 11:28
441

Ақтауда әйел балалар алаңында ойнап жүрген жеткіншекті ұрып-соққан

Оқиға 14 шілдеде болған

Ақтауда әйел балалар алаңында ойнап жүрген жеткіншекті ұрып-соққан стоп кадр

Ақтауда егде жастағы әйел адам балалар алаңында ойнап жүрген баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy агенттігіне сілтеме жасап.

Lada.kz жазуынша, оқиға 17-шағынаудандағы футбол алаңында болған.

Видео авторы айтқандай, футбол ойнап жүрген балалардың бірі тепкен доп абайсызда басқа балаға тиген.  

«Әжесі алаңға жүгіріп келіп, немересін ренжіткен баланы ұрып-соға бастады. Зардап шеккен баланың анасы бұл уақытта қалада болмаған, ал әкесі жұмыста болған», – дейді оқиға куәгері.

Облыстық полиция департаменті аталған мекенжайда тексеру жүргізілгенін, болған жайтты мән-жайы анықталғанын хабарлады.

Оқиға 14 шілдеде болған. Ал 15 шілдеде кешке әйелден таяқ жеген баланың ата-анасы облыстық балалар ауруханасына жүгінген.

«64 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-1 бабы (Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру) бойынша хаттама жасалып, шешім шығару үшін әкімшілік сотқа жолданады», деді ведомство өкілдері.

Баланы ұрған әйелге 15 АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир