Атыраулық шекарашылар көлікке тиелген ұн ішінен 6 тонна насыбай өнімін тауып алды

06.03.2019 16:12

«Жағалау күзеті» Өңірлік басқармасының Атырау шекара отрядына қарасты «Құрмангазы-авто» тексеріп-өткізу пінктінің шекара наряды Атырау – Астрахань бағытымен жол жүріп бара жатқан «ГАЗ3022» маркалы екі автокөлікті тексеру барысында әрқайсысынан 90 қаптан, жалпы саны 180 қап, салмағы 6 тонна болатын заңсыз насыбай темекі өнімін тауып алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

46 және 35 жастағы ресейлік азаматтар жүргізіп келе жатқан бұл көліктерде құжат бойынша ұн тиелуі тиіс еді. Бірінші қатардағы қаптардың ішінде расымен де, ұн болып шықты. Алайда, ол қаптар тек түкпір жақта жатқан жасырын жүктің бетін бүркемелеу үшін ғана пайдаланылған екен. Ұсталған көлік жүргізушілері көліктерімен және жүктерімен бірге Құрманғазы аудандық полиция бөліміне тапсырылды.