Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Алатау ауданы Кенжин көшесінде автобус қағып кеткен бала ауыр жарақат салдарынан ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz.
ЖКО сәрсенбі күні кешке болған. Көлік жүргізушісінің айтуы бойынша, ол батыс бағытпен жүріп келе жатқан. Кенет адамдар өтуге тыйым салынған жерге кішкентай бала жүгіріп шыққан. Оны қағып кетпейін деп жүргізуші рөлді солға бұрып, қарсы жолға шығып кеткен.
Автобус астында қалып, ауыр жарақаттанған бала жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілген. Алайда көп ұзамай ол көз жұмды. 10-11 жас шамасындағы. баланың ешқандай құжаты болмаған.
Оқиғадан автобус жолаушысы да зардап шекті. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.