Ажалдан аман қалды: Астанада балконда ілініп тұрған бала құтқарылды

elements.envato.com
elements.envato.com
№31 мектеп-гимназиясынының 7-сынып оқушысы қайғылы жағдайдың алдын алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде №31 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Ақан Әкімжанов қайғылы жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Оқушы 5 жасар баланы қалай құтқарғанын айтып берді. Басылым мәліметінше, 20 мамырда Ақан аулада ойнап жүргенде 4-қабатта балконда ілулі тұрған баланы байқап қалған. Ақан уақыт оздырмай бірден қимылдап, балконда ілініп тұрған 5 жасар баланы құтқарып қалды. 

Ақан Әкімжанов - көпбалалы отбасынан шыққан. Анасының айтуынша, Ақан туылғанда әлжуаз болғанымен, өсе келе балабақшада белсенді бала болып өскен. Би де билейтін, ән де салған. 

- Қазір мінезі ауыр, ұстамды. Үйдің бар тірлігіне көмектеседі, тіпті тамақ та жасайды, - дейді анасы Зухра Әкімжанова. 

Ақанның үш інісі мен қарындасы бар. 

- Төрт ұл бір қызым бар. Бір-бірін бағып, жетектеп өсіп келеді. Ақанның інісі онсыз сабақ оқымайды, ағасын күтіп отырады. Үйде мысығы бар, сол мысыққа дейін Ақан қамқор, - дейді анасы. 

Ақан оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

- Бүлдіршін 4-қабаттан құлағалы тұрды. Мен сөмкемді тастай салып жүгірдім. Ол қонаққа келіпті. Анасын іздеп балконға шығып кетіпті. Баланы құтқарған соң ата-анасы келіп, менімен сөйлесті, - дейді Ақан Әкімжанов.  

Оқи отырыңыз:Сәби өлімі: қос бірдей жақынынан айырылған ана дәрігердің салғырттығына наразы

Новости партнеров