|
12.10.2020 | 11:15
753

Өскеменде темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам қайтыс болды

Вагон ішінде жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған

Өскеменде темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам қайтыс болды inform.kz

Өскемен қаласында темір вагон ішінде өрт шығып, 1 адам көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін таңғы сағат 04.00 шамасында «Титан» саяжай қауымдастығы аумағында өрт болған. Анықталғандай, вагон ішінде жиһаз бен жеке заттарды жалын шарпыған. 

Тілсіз жауды ауыздықтау барысында өрт сөндірушілер 1980 жылғы ер адамның күйген денесін тапты. 

«Жалпы ауданы 6 шаршы метрді құраған өрт сөндірілді. Бұл контейнер электрлендірілген болып шықты. Қызыл жалынның шығу себебі – отпен абайсыз әрекет етуден немесе электр құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болуы мүмкін», – деп хабарлады ведомство өкілдері. 

Осы ретте ТЖД тұрғындарға электр құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир