Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған адам қолға түсті

Тараздықтарды төрт күн бойы үрейде ұстаған адам қолға түсті
36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп қана қоймай, үйіндегі теледидарын да ұрлап әкеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желіде 6-шы сынып оқушысын зорлады деген ер адамға іздеу салынғаны жөнінде ақпарат тараған еді. Тәртіп сақшылары Тараз тұрғындарын төрт күн бойы үрейде ұстаған күдіктіні Алматыда қолға түсірді, деп хабарлайды Sputnik.kz.

36 жастағы жігіт 11 жастағы қызға жәбір көрсетіп қана қоймай, үйіндегі теледидарын да ұрлап әкеткен. Ол арам ойын жеткіншектің үйінде жүзеге асырған болуы мүмкін. Бірақ ер адамның жәбірленушіге қандай қатысы бары айтылмады. Аталмыш жағдай жайында полицейлерге анасы хабар берген7

Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, ол бұған дейін де кәмелетке толмаған баланы зорлағаны үшін істі болыпты. Күдікті қазір қамауда отыр.

«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде төрт күн деген күдікті Алматыда жүрген жерінен қолға түсті», - дейді Жамбыл облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Қуанышбек Бекқожаев.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, баланың денсаулығы тұрақты, қазір ол үйінде.

Новости партнеров