Қазақстандықтар өткен жылы онлайн саудаға 144 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсаған. Осылайша Қазақстан ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту жөнінен әлемнің 176 елінің арасында 52-ші орынға тұрақтаған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Соңғы үш жылда электронды сауда көлемі шамамен 2 есеге өсіпті. Сарапшылардың пікірінше, қыркүйекте оның көлемі 300 миллиардтан астам теңгені құраған, ал 2025 жылға қарай бұл көрсеткіш 1 триллион теңгеге жетуі мүмкін. Соңғы бес жыл ішінде елімізде электронды сауда орта есеппен 26%-ға өскен. Ал 2015 жылдан бастап орташа жылдық өсім 30%-ға дейін жоғарлапты. Жалпы алғанда, 2018 жылы келісімдердің көлемі 259 миллиард теңгеден көп. Оның ішінде бөлшек сауда - 144 миллиард теңге, көтерме сауда - 115 миллиард теңге. Ұлттық экономика министрлігінің болжамы бойынша, таяу бесжылдықта электронды бөлшек сауда көлемі 2 триллион теңгеге дейін өсуі ықтимал.