Арыс трагедиясы: қаза тапқандар саны үш адамға жетті

26.06.2019 16:16

Төтенше жағдайдан 3 күн өткен соң келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери көз жұмды


Түркістан облысындағы Арыс қаласында болған төтенше жағдай салдарынан тағы бір адам қаза тапты. Келісімшартпен жұмыс істейтін әскери Шымкенттегі ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

«Қорғаныс министрлігі Арыс қаласындағы әскери бөлім қоймасында болған жарылыс салдарынан бүгін келісімшарт бойынша қызмет ететін әскери Ахметов А.Н. көз жұмғанын өкінішпен хабарлайды. Ол Шымкент қаласындағы ауруханалардың бірінде ем қабылдаған болатын», – делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігі басшылығы мен жеке құрам қаза тапқан әскеридің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.