Павлодарда 700 литр жанар-жағармай тиелген жүк көлігі өртенді
Оқиға орнынан 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Павлодарда Трансортная көшесі, 11 мекенжайы бойынша өндіріс базасы аймағында КамАЗ толығымен жанып кетті, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
Облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі өрт сағат 22.25-те тіркелгенін айтты.
« 1991 жылы шығарылған тіркемесі бар жүк көлігінде 700 литр жанар-жағармай болған. Жалын жалпы аумағы 50 шаршы метрді шарпыған», - деді ТЖ департаментінде.
Сонымен қатар, оқиға орнынан сыйымдылығы 40 тонна жанар-жағармайға арналған екі бос цистерна шығарылған. Жеке құрамнан 14 адам 3 техниканың көмегімен тілсіз жауды сағат 23.15-те ауыздықтап, сағат 23.23-те толық сөндірілді.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт электр жабдығының қысқа тұйықталуы салдарынан болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
06.11.2026 08:10
Қарызды төлей алмасаңыз, берешекті реттеудің қандай жолдары бар
06.11.2026 10:34