Астана әуежайындағы өрттің салдары қандай болды

27.02.2024 16:16

Төтенше жағдай кезінде эвакуациялау жұмыстары жүргізілді

Фото: elements.envato.com

27 ақпан күні таңертең Астана әуежайында өрт болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

- 112 нөміріне Астанадағы халықаралық әуежай терминалының электр қалқанында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Сыртқы белгілер бойынша №1 және №2 терминалдар арасындағы галереяда қатты түтін пайда болды, эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство атап өткендей, 500 адам өз бетімен эвакуацияланды.

- Өрт сағат 08:24 сөндірілді. №2 терминалдың серверлік бөлмесіндегі 10-15 шаршы метр электр кабелі өртенген. Зардап шеккендер жоқ, - деді баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өртті сөндіруге Астана қалалық ТЖД жеке құрамының 76 адамы мен 18 бірлік техникасы шықты.

Оқи отырыңыз: Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді