|
26.02.2024 | 15:21
1540

Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді

Өрттің себебі анықталып жатыр

Қарағандыда машина жасау зауыты өртенді elements.envato.com

ТЖМ мәліметінше, сағат 06:32-де Қарағандыда А. Бөкейханов атындағы ауданда "Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты" ЖШС аумағында цехтың шатырында өрт шыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.

ТЖД жоғары шақыру дәрежесі бойынша жұмыс істегені айтылды, сол жерде ТЖД жеке құрамының 58 адамы және 16 техникасы жұмыс істегені айтылды.

"Сағат 7:52-де өрт сөндірушілердің күшімен 400 шаршы метр алаңдағы өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Кейін өрт сағат 08:22-де сөндірілгені хабарланды.

Оқи отырыңыз: Жетісуда жол апатынан екі адам қаза тапты

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир