|
29.04.2020 | 11:16
1143

Руслан Жанпейісовты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Бұл туралы "OCA" қоғамдық ұйымының жетекшісі Руслан Лазута мәлімдеді

Руслан Жанпейісовты қамауға алу мерзімі ұзартылды Сурет: facebook

Әкімшілік қамауға алынған "полиция аулаушысы" Бибарс Раимбековтің (Руслан Жанпейісов) жаза мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы "OCA" қоғамдық ұйымының жетекшісі Руслан Лазута мәлімдеді.

Бұған дейін Шымкенттегі сот толтырылған екі әкімшілік хаттама бойынша Жанпейісовті 35 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарған. Лазутаның айтуынша, кейін Түркістан облысынан тағы бір хаттама келіп жеткен. Тағы да блогер төтенше жағдайды бұзды деген сипатта. Осыған байланысты, оның айтуынша, Жанпейісов тағы бес күнге қамауға алынды. Сонда қамауға алудың жалпы мерзімі 40 күн болды.

Түркістан облысының Келес аудандық соты полиция толтырған протоколы негізінде Жанпейісовті "Төтенше жағдайдағы тәртіп пен тәртіпті бұзуға итермелеген іс-әрекеттер" бабы бойынша кінәлі деп тауып, бес тәулікке қамауға алу туралы қосымша қаулы шығарды. Соттың кеңсе меңгерушісі Қуат Еламанов 28 сәуірде Азаттыққа бұл істің 24 сәуірде сотта онлайн режимде қаралғанын жеткізген.

Бұрын хабарланғандай, Руслан Жанпейісовке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 328-бабының бірінші бөлігі, яғни "Құжаттарды қолдан жасау" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл арада Руслан төтенше жағдайда және карантин кезінде ел ішінде жалған рұқсат қағазбен жүрген деп долбарланады.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир