Жол апатынан қайтыс болған полицейлердің отбасына 11 млн теңгеден беріледі
inform.kz
Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақмола облысында жол апатынан мерт болған полиция қызметкерлерінің әрқайсының отбасына 11 миллион теңге көлемінде көмек беріледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазіргі кезде екі полиция қызметкерінің өліміне әкеп соқтырған жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Аталмыш санкция бойынша күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
«Сондай-ақ облыстық полиция департаменті қызметтік міндетін орындау барысында қаза болған полицейлердің отбасына 11 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетеді», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00
Алматыда коммуналдық қызметтердің қысқа дайындығы талқыланды
06.10.2026 11:20