|
06.08.2020 | 11:30
2877

Өткен тәулікте 18 табиғи өрт және дала жануы орын алды

Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды

Өткен тәулікте 18 табиғи өрт және дала жануы орын алды Фото: ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен

Өткен тәулікте 18 табиғи өрт және дала жануы орын алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қалыптасқан ыстық ауа райына байланысты республикада жоғары өрт қауіптілігі сақталады», – делінген хабарламада.

Ағымдағы жылғы 5 тамызда өткен тәулікте республика бойынша 7 табиғи өрт және 11 дала жануы оқиғасы тіркелді.

Қостанай облысындағы 5 табиғи өрт және Алматы облысындағы 2 жану ТЖК бақылауында, оларды жою бойынша шаралар қабылдануда.

Бұдан басқа, өткен тәулікте Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарындағы табиғи өрттер және құрғақ шөптің жануы жойылды. Аталған өңірлерде жанудың жалпы ауданы 400 га.

Өртті жоюға ТЖД, ерікті өрт сөндіру құрамаларының, орман шаруашылықтарының күштері мен құралдары жұмылдырылды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир