Ер адам сегіз қылмыс бойынша Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау органдарына танымал болған
Алматы облысы Қаратал ауданының полицейлері Қазақстанның бірнеше облыстарымен мемлекетаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
2018 жылдың 28 желтоқсанында Қарағанды облысының оңтүстік-шығыс полиция бөлімі Үштөбе қаласының 25 жастағы тумасына бөтеннің мүлікін ұрлағаны үшін іздеу жариялаған. Күдікті қаладан қашып, өзінің криминалды іздерін қалдыра отырып алаяқтық “гастрольдерін” әрмен қарай жалғастыра берген. Осылайша, ер адам сегіз қылмыс бойынша Қазақстанның алты аймағында құқық қорғау органдарына танымал болған.
Олардың қатарында: Алматы қаласының Алмалы, Бостандық, Медеу аудандары, Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр және Алматы аудандары,сонымен қатар Ақмола, Павлодар және Алматы облыстары.
“Келіп түскен ақпаратты тексере отырып, біз күдіктіні құрықтадық. Іздеудегі азаматқа бірнеше сот тұтқындауға санкция бергені ескеріле отырып, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Енді оған айдауылмен негізді қылмыс жасады деп күдектелген жерлерге “гастрольдерін” жалғастыруына тура келеді”, – деп хабарлайды Қаратал АПБ криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі А. Б. Асылханов.