Әлемдегі ең таза қала аталды

30.04.2020 16:20

Венада қоғамдық көлік өте дамыған және қалада саябақтар өте көп

Фото: REUTERS

Австрияның Вена қаласы әлемдегі ең таза қалалардың рейтиінгінде көш бастады, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Дереккөз мәліметінше, Венада қоғамдық көлік өте дамыған және қалада саябақтар өте көп. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындардың жеке көлікпен жүруден бас тартқаны айтылады.

Ал рейтингте екінші орында Мюнхен қаласы, үшінші орында Берлин тұр. Берлинде де саябақтар мен жасыл шөпке оранған қоғамдық жерлер көп дейді.

Ал тізімде төртінші болып Мадрид тұр. Онда жаяу жүргіншілерге арналған инфрақұрылымның өте қолайлы екені айтылады. Сондай-ақ, бұл тізімде Сан-Паулу, Манчестер, Лиссабон, Сингапур, Амстердам және Вашингтон бар.