Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қайтыс болды
polisia.kz
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстауда көлік түйені қағып, 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жол апаты 16 қыркүйекте Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау тасжолының бойындағы Қарақия ауданында болған.
"Шетпе ауылына бет алған ВАЗ 21154 көлігінің жүргізушісі екі түйені қағып кеткен. Жол апаты салдарынан екі жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен бес адам ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.
Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша тіркелді. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
06.10.2026 09:30
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
07.10.2026 18:29
Елордада бес көлікті жалын шарпыды
06.10.2026 10:00