Атырауда оқушы мұғалімді сабақ үстінде итеріп жіберген

Школа №24 в Атырау. Фото со страницы в соцсети "ВКонтакте"
Школа №24 в Атырау. Фото со страницы в соцсети "ВКонтакте"
Ол есепке қойылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Дәрігерлер мұғалімге гематома диагнозын қойды. Мұғалім емделу үшін демалыс алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 11 қазанда №24 орта мектепте болған.

7-сынып оқушылары тарих бойынша БЖБ тапсырады. Мұғалім тапсырманы орындамай отырған оқушыға жақындап, оған көмек қажет-қажет еместігін сұрайды.

Жетінші сынып оқушысы өзін дөрекі ұстап, мұғалімді итеріп жібереді, өз кезегінде ұстаз еденге оңбай құлайды. Мектепке оқушының ата-анасы дереу шақырылды. Олар мұғалімнен кешірім сұрады.

Дәрігердің қорытындысы бойынша мұғалімнің оң қолында гематома пайда болған, қазір ол емделу үшін демалыс алды.

Жасөспірімге келетін болсақ, ол есепке қойылды, ал құжаттары кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді.

Новости партнеров