Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты
Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында өрттен 86 жастағы ер адам қаза тапты. Бұл туралы ТЖ министрі Юрий Ильин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Бұған дейін хабарланғандай, 24.00-ге дейін зардап шеккендер мен қаза тапқандар туралы ақпарат болған жоқ. Бүгін таңертең Аманқарағай елді мекеніндегі үйінділерді қарау барысында адам денесі табылды. Ол - 1936 жылы туған мүгедектігі бар ер адам. Жедел іс-шаралар барысында учаскелік инспекторлар оған хабарлағаны, бірақ ол эвакуация шараларынан бас тартқаны анықталды. Дегенмен адам өліміне қатысты тергеу шаралары жүргізіледі", - деді министр.
Сондай-ақ, ол өрт қаупі бар елді мекендерден 1800-ден аса адам эвакуацияланғанын айтты. Өрттің жалпы ауданы 43 мың гектардан асады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10