Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жоғалып кеткен 16 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Жоғалған қызды табуға Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы мен жергілікті полиция қызметі, сондай-ақ, көршілес аудан құрылымдары жұмылдырылды.
«Екі күн өткеннен кейін Жергілікті полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс шараларының нәтижесінде 16 жастағы қыз көршілес Сарыағаш ауданынан табылған. Тәртіп сақшылары жасөспірім қызды аман-есен ата-анасына табыстады», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.