Ұлттық экономика министрлігі Facebook-тегі парақшасының бұзылғандығын растады

24.07.2019 16:23

24kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі ведомствоның Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасы бұзылғандығын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұдан бұрын айтылған Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің ресми парақшамыздың бұзылғандығы туралы ақпаратты растаймыз. ҚР Ұлттық экономика министрлігінің осы парақшаға және онда орналасқан ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ. Жақын арада аталған әлеуметтік желідегі ресми парақшамыздың ашылғандығы туралы сіздерге хабарлаймыз», - деп жазылған ҚР ҰЭМ баспасөз қызметінің мәліметінде.  

Осы орайда министрліктің ресми ақпаратын https://economy.gov.kz/ сайтынан алуға болатындығы нақтыланды.

Сонымен қататар ведомство мына әлеуметтік желілерде тіркелген: 

https://twitter.com/economy_gov_kz 

https://www.instagram.com/economy_gov_kz/ 

https://www.youtube.com/mnerk 

https://telegram.org/economy_gov_kz

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз хатшысы Шыңғыс Ильясов осы телефон нөмірі бойынша байланыста болады: (+77172) 742942.