|
24.10.2020 | 11:24
1289

Алматы облысында 130 келі торта балық тәркіленді

Тіркемесі бар автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды

Алматы облысында 130 келі торта балық тәркіленді  polisia.kz

Алматы облысының полицейлері заңсыз айналымнан 130 келі торта балық тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қазанда «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде табиғат қорғау полициясы «Охотзоопром» инспекторларымен бірлесіп, Туғанбай ауылының маңында 34 жастағы жергілікті тұрғын айдап келе жатқан тіркемесі бар «Фольксваген» жеңіл автокөлігін тоқтатты. Тәртіп сақшылары тексеру кезінде көліктің тіркемесінен салмағы 130 кг торта балық және 200 метрден асатын ұсақ көзді тор тауып тәркіледі. Күдікті аталған балықты Қапшағай су қоймасынан аудың көмегімен ұстағанын түсіндірді, бұл әрекеттерінің заңға қайшы екенін де білген.

Тіркемесі бар автокөлік сот шешіміне дейін арнайы тұраққа қойылды. Балық мемлекеттік қабылдау пунктіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал сомасы анықталып жатыр. Балық ресурстарын заңсыз аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир