ШҚО-да жүк көлігі өртенді
ҚазАқпарат
Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Шығыс Қазақстан облысында жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен «Өскемен-Алтай-Рахман қайнары» күре жолының 40-шы шақырымында келе жатқан «Volvo FH 12» жүк көлігі өртенгенін мәлім етті. «Өрт көлік қозғалтқышынан шығып, салонның 7,5 шаршы метрі жанған. Оқиғаның себебі – жоғары қаупі бар агрегатты абайсыз пайдалану», – деп түсіндіріп өтті ШҚО ТЖД-нің баспасөз қызметінен.
Оқиға орнына КамАЗ көлік цистернасымен өрт сөндіру бөлімінің 5 қызметкері шықты. Олар жалынмен күресе отырып, жарылысты болдырмау үшін отын багын салқындатқан.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
10.11.2026 09:40
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
10.11.2026 13:50
Нөсер жаңбыр, қар аралас жаңбыр және жел: Алматыда күн бұзылады
10.11.2026 12:10
Алматы Қытайдың іскерлік туризм нарығындағы орнын нығайтып келеді
09.11.2026 10:00