Коронавирус: дүниеге келгеніне 30 сағат болған нәрестеден инфекция табылды

Коронавирус: дүниеге келгеніне 30 сағат болған нәрестеден инфекция табылды
Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәрсенбі күні Қытайдың Ухан қаласында (Орталық Қытай, Хубэй провинциясы) жаңа туған сәбидің коронавирус жұқтырғаны туралы ақпарат расталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zanmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сәби дүниеге келген 30 сағаттан соң жаңа коронавирус инфекциясына тексерілді. Осы уақытта анасының талдауы коронавирусқа оң нәтиже берді. Нәресте Уханьдағы мамандандырылған балалар ауруханасында бақылауда, оның жағдайы тұрақты деп бағаланды.

Қытайлық дәрігерлер «инфекцияның анадан балаға тікелей берілу» ықтималдығын қарастыруда.

Соңғы деректер бойынша (5 ақпан күні сағат 24:00-дегі жағдай бойынша) 28 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырғаны расталды, оның 563-і қайтыс болса, 1 153-і ауруханадан шығарылды.

Соңғы тәулікте 3 694 адамға ауру жұққаны анықталған. Олардың 73-і қайтыс болған (Хубэй провинциясында-70, Хэйлунцзянда – 1, Гуйчжоуда – 1, Тяньцзиньда -1). 261 адам ауруханадан шықты.

Қазіргі уақытта 24 мыңнан астам адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен тіркеуде тұр, 186 мыңы медициналық бақылауға алынған.


Новости партнеров