Алматыда 400-ге жуық оқушы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады

Шаһарда ұлттық ойыннан мерекелік жарыс ұйымдастырылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгін – дүниежүзілік тоғызқұмалақ күні. Осыған орай Алматының «Достық» спорт кешенінде ұлттық ойыннан мерекелік жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сайыс мектеп оқушылары арасында өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, турнирдің негізгі мақсаты – ұлттық зияткерлік ойынды кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың тоғызқұмалаққа қызығушылығын арттыру.

«Тоғызқұмалақ – елімізде жақсы дамыған жаңағы ұлттық спорт түрлерінің бірі. Халықаралық деңгейде өте үлкен беделге ие. Демек «болашағы зор» деген сөзді білдіреді. Ойын – негізі спортшыны дәлдікке, есепке, стратегиялық шешімдерді қабылдауға спорт түрі», – деді Спорт басқармасы «Ұлттық және ат спорты түрлері спорт клубының» басшысы Нұрлан Оспанов.

 Алматыда 400-ге жуық оқушы тоғызқұмалақпен кәсіби түрде айналысады. Ал бүгінгі жарыста олардың бір бөлігі өзара бақ сынап, шеберлігін көрсетіп жатыр. Сайыс рапид форматында өтетіндіктен, қатысушыларға әр жүрісті жылдам әрі дәл есептеуге небәрі жиырма минут беріледі.

«Құлшынысымды ағайым арттырды. Әр дайындығымыз өте қызықты болып өтетін. Математикаға құмармын. Ойын математика және логиканы талап етеді. Жарыстан күтетінім көп», – деді Тоғызқұмалақтан ҚР спорт шебері, Азия чемпионы Әйгерім Жарқынбек.

 Оқи отырыңыз: Денис Тен мемориалы: Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир өтеді