|
13.08.2020 | 11:28
1270

Есірткі сатумен айналысқан шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды

Есірткі сатумен айналысқан шетелдік пен үш қазақстандық ұсталды  ҰҚК баспасөз қызметінен

Елордада есірткі зертханасын ашқан үш қазақстандық пен бір шетелдікті ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

30-31 шілдеде ҚР ҰҚК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті Экономикалық тергеу департаментімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланының «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде Қазақстан Республикасының үш азаматы мен бір шетелдікті ұстады. 

«Күдіктілердің Ақмола облысының аумағында кейіннен Нұр-Сұлтан қаласында таратылған психотроптық заттарды өндіретін жасырын зертхана ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар. Есірткіні сату осы мақсатта құрылған Интернет желісінің «Deep Web, Darknet» көлеңкелі сегментінің платформасында «қойылма» деп аталатын жолмен жүзеге асырылған».

Тінту барысында есірткі мен психотроптық заттар, сондай-ақ оларды жасау кезінде қолданылатын химиялық реагенттер мен жабдық табылды.

Ұсталған адамдар ҚР ҰҚК тергеу изоляторына қамалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир