Алматыда кафеде шыққан өрт сөндірілді

27.06.2022 16:29

Үш газ баллонынан бөлек, өрт орнынан оттегі баллоны шығарылып, жарылыс қаупі сейілді

Tengrinews.kz

Алматы қаласындағы кафелердің бірінде шыққан өрт ауыздықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрылғанын мәлімдеді.

"Үш газ баллонынан бөлек, өрт орнынан оттегі баллоны шығарылып, жарылыс қаупі сейілді. Өрт сөндірушілер 8:22-де шығып, 8:25-те жетті. Өрт 9:37-де сөндірілді", - дейді Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Алматы қаласында Ақбұлақ ықшам ауданындағы Бәйтереков көшесі, 13 мекенжайында орналасқан екі қабатты "Терраса" кафесінен өрт шыққаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Қалалық ТЖД өрт 09:15-те сөндірілгенін мәлімдеді.