Павлодар қаласы ломбардтарының біріндегі тергеу барысында полицейлер төмен сынамалы бұйымдарды жоғары бағамен қарызға берген облыс тұрғынын анықтады, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 жастағы келіншек алтын бұйымдардың сапасы төмен екенін біле тұра, жоғары сынамамен бағалаған. Бұйымдардың салмағын арттыра отырып, 620 900 теңге көлемінде қарыз берген.
«Артынан осы тәсілмен басқа да төмен сынамалы бұйымдарды көтеріңкі қарызға берген», - деп хабарлайды Полицияның баспасөз қызметі.
Барлық кепіл бұйымдарды өзінің жолдасына рәсімдеген.
Ломбардқа келтірілген шығын көлемі - төрт миллион теңге. Аталмыш факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК 189-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.