Тойда күйеу жігіт қалыңдығына қол көтерді (видео)
Қалыңдығының әзілін көтере алмаған күйеу жігіт жұрттың ашуына тиді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өзбекстанда өткен тойлардың бірінде күйеу жігіт қалыңдығына қол көтерді, деп хабарлайды Sputnik Өзбекстан.
Видеодан көрініп тұрғандай, жас жұбайлар дәстүр бойынша шығыс тәттілерінен бір-біріне ауыз тигізбекші болады.
Жас жігіт тәрелкедегі тәттіні алып, қалыңдығына жегізеді. Қыз да дәл солай жасамақшы болады, алайда соңғы сәтте күйеуімен әзілдеспек болып, қолын тартып қалады. Қалыңдығының қалжыңын түсінбеген ер адам ашуға булығып, жұрттың көзінше қызды шапалақпен тартып жібереді. Соққының қатты болғаны соншалық, қалыңдық артта тұрған орындыққа құлаған.
Күйеу жігіттің әрекеті желі қолданушыларының ашуына тиді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қысқы күн тоқырауы: ғалымдар 2026 жылдың ең қысқа күнін атады
26.11.2026 08:10
Жаңа жылға үйді артық шығынсыз қалай безендіруге болады
26.11.2026 09:30
2027 жылы қазақстандықтар қалай демалады
26.11.2026 10:50