Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды

Спутник
Спутник
Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

 Алматы әуежайында Qazaq Air ұшағының шассиі жарылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақпарат бойынша, IQ-353 борты 6:30-да Нұр-Сұлтаннан ұшып, Алматыға 8:12-де қонған.

"Біз Нұр-Сұлтанда 6:30-да ұшаққа отырдық. Ұшақ Алматыға келіп, жолақпен қозғалып бара жатқанда жылдамдықты әдеттегідей төмендете бастады. Бірақ бір сәтте ол қайта жылдамдық алды, содан кейін қатты жарылыс болды. Оң жағындағы дөңгелек жарылды. Ұшақ темірмен жүрді. Біз қазір тірегіш сынып, бәріміз осында өлеміз деп ойладық. Балалар, әйелдер жылай бастады. Тоқтағаннан кейін ұшақта 30 минуттай отырдық, түтін шықты. Резеңке жанған соң шығар. Өрт сөндіру көлігі келді, бізді автобусқа отырғызып алып кетті, бәрін үйге жіберді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", –  деді рейс жолаушыларының бірі.

Қазіргі уақытта ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен жағдайлар басқармасы бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізуде

Новости партнеров