Оқиға орнында полиция жұмыс істеуде
Жетісу облысы Алакөл ауданында Алматы – Өскемен тасжолының 568-шақырымында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан.
Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
- Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар және ең алдымен жылдамдықты асырмаңыздар. Автокөлікті басқару кезінде жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне әкелетінін ұмытпаңыз, - деді ІІМ өкілдері.
Оқи отырыңыз: Павлодарда кәріз құдығынан ер адамның мәйіті табылды