Қызылорда облысында 21 жылқыны қолды еткен ұры ұсталды
inform.kz
Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қызылорда облысында 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Арал ауданы Тоқабай елді мекенінің тұрғыны полицияға арызданған болатын. Полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде мал ұрлаған адам қолға түсті.
«Күдіктіні Аралға көршілес Қазалы ауданының қызметкерлері ұстады. Қылмыстық істі ашуда криминалдық полиция қызметкерлері, полиция майоры Алмат Бердібеков, жедел уәкілдер полиция аға лейтенанты Нұрбек Алмағанбетов және Мұрат Баймаханов белсенді әрекет етті. Оларға Арал ауданында 21 жылқысы қолды болған тұрғын Аралбек Байжақанов алғысын білдірді», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Баланың гаджетке тәуелді болып бара жатқанын қалай байқауға болады
31.10.2026 17:35