Жолаушылар пойызында нәресте дүниеге келді
Жаңа туған сәбиге анасы Меруерт деген есім берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
«Қызылорда - Нұр-Сұлтан» бағытындағы жолаушылар пойызында жүкті әйел босанды. 6-вагонда келе жатқан Гүлнар Жолдас жол үстінде толғатып, пойыз бригадасы дереу жүйрік тұлпардың ішіндегі радиожелі арқылы жолаушылар арасынан дәрігерді іздеген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Абырой болғанда сол құрамда білікті акушер мамандардың сапар шегіп бара жатқаны анықталған. Олар жолсеріктердің көмегімен жүкті әйелді аман-есен босандырып алды. Шу стансасына жеткенде оларды жедел жәрдем көлігі күтіп алып, жақын маңайдағы ауруханаға жеткізді. Жолда туылған нәрестені анасы сол пойыз жетекшісінің құрметіне Меруерт деп атады. Айта кетейік, өткен жылы жол үстінде 10 бала дүние есігін ашты.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32