Шымкенттік экс-шенеунік жігітті зорлады деген күдікке ілінді

Шымкенттік экс-шенеунік жігітті зорлады деген күдікке ілінді
Ер азамат барлық айыппен келіспейтінін айтып, оған жала жабылғанын алға тартты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте жас жігіт өзінің әріптесі зорлады деп шағымданды. Ол видеоүндеу жазып, мән-жайды толығымен айтып берді, деп хабарлайды Otyrar.kz.

Видеоүндеу әлеуметтік желіде жарияланды. Онда жас жігіт өткен жылы жазда өзіне әріптесі шабуыл жасап зорлағанын, ал болған жайтты бейнекамераға камераға түсіріп алғанын айтқан.

Қазіргі уақытта зорлады деген жігіт басқа жазамен колонияда жазасын өтеп жатқан көрінеді.

Алайда, порталдың жазуынша, полиция қызметкерлері видеоны зерттеп, күтпеген шешімге келіпті. Тәртіп сақшылары бұл іс бойынша негізгі күдіктіні басқа адам деп таныған. Ол - экс-шенеунік және Шымкент мемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы директоры Мұхтар Мұхамеджан болып шығыпты.

Десе де, ер азамат өзіне тағылған айыптардың ешбірімен келіспейтінін айтып, жала жабылды дейді. Оның сөзінше, қаскөйлер зорлау видеосын алып, оған өзінің (Мұхтар Мұхамеджанның) дауысын тіркеп қойыпты. Яғни, видеоматериалдағы дауыс монтаж арқылы жасалған дейді ол. Ал, шымкенттік сарапшылардың пікірінше, видеоның түпнұсқалық дыбысын анықтау мүмкін емес. Қазір іс сотқа жіберілді.

Порталдың жазуынша, экс-шенеунікке бірнеше бап бойынша, атап айтқанда, қызтекелік, жеке өмірдің құпиясын жария ету, жемқорлық және мемлекеттік мүлікті ұрлау айыбы тағылған.

Новости партнеров