Үйіме жетіп алайын: Мас күйінде көлік жүргізген әйел 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды

01.04.2021 16:33

Әкімшілік соттың шешімімен әйел 15 тәулікке қамауға алынды

Кадр из видео


Алматы облысында мас күйінде көлік жүргізген әйел 15 тәулікке қамалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік ережесін бұзған азаматшаның жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылғанын мәлімдеді. Lada Vesta көлігінің жүрісінен-ақ оны тізгіндеген жүргізушінің ащы суға сылқия тойып алғанын байқаған тәртіп сақшылары темір тұлпарды тоқтатқан. Кейіннен жүргізушінің орта дәрежеде алкогольдік масаң күйінде болғаны расталды. Әкімшілік соттың шешімімен автокөлік арнайы тұраққа жеткізілді.