Атырауда итті тоңазытқыштың есігімен қылқындырған ер адам кешірім сұрады

Фото : кадр из видео
Фото : кадр из видео
«Итке жасаған әрекетім үшін өкінемін»
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адам өз әрекетін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ер адам кешірім сұрап, видео жариялады.

«Сәлеметсіздер ме, қазақстандықтар. Мен, Жұматаев Марғұлан Жалғасұлы, Атырау облысы Еркіндала ауылынанмын. Итке жасаған әрекетім үшін өкінемін. 3-4 күн бұрын қызымды ит тістеп алды. Ал кеше түскі уақытта ит ата-анамның жылыжайындағы көшеттің барлығын бүлдіріп кетті. Сондықтан мен мас күйде оны жазалайын дедім. Өкінемін, енді мұндай қайталанбайды», – деді ол.

Еске салайық, мұның алдында Атырау облысында итті тоңазытқыш есігімен қылғындырған ер адамның ұсталғаны хабарланған болатын.


Новости партнеров