Нұр-Сұлтанда қойма өртенді
Фото: inform.kz
Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Елордада қоймадағы өрт сөндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қалалық ТЖД-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сағат 15:47-де Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД Өрт сөндіру бөлімшелері жанып жатқан а-355 көшесіндегі 2/1Б-нысанына аттанды. Олар 14 минутта жетті, ғимараттың шатырында электр кабельдері мен шатырдың жылу сақтағыш материалы жанып жатқаны анықталды. Бұл нысан екі бөліктен тұрады, біріншісі электровоз жабдықтарын жөндейтін өндіріс шеберханасы, екінші бөлігі электр кабельдерін, қозғалтқыштарды және электр техникасын сақтауға арналған қойма», — делінген хабарламада.
Қоймадағы өртті сөндіруге жеке құрамнан 62 адам және 14 техника жұмылдырылды. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Өрт сағат 17.52-де толық сөндірілді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
31.10.2026 09:50
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
31.10.2026 10:36
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
30.10.2026 20:31