|
Jol
06.09.2024 | 11:37
637

Келесі жылдан бастап жолдағы люктер жаңа стандарт бойынша жөнделеді

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты

Келесі жылдан бастап жолдағы люктер жаңа стандарт бойынша жөнделеді  Almaty.tv

Келесі жылдан бастап жолдағы люктер жаңа стандарт бойынша жөнделеді. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданы  тұрғындарымен кездесу барысында жолдағы сапасыз люктер жайлы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жолдағы люктерге қатысты барлық мәселе жүйелі түрде шешіледі. Биылға жоспар бар, қаражат бөлінді. Біз қазір люктерді «қалқымалы» түріне ауыстырып жатырмыз, бұл жұмыс 2026 жылдың соңына дейін жалғасады», - деді мегаполис басшысы.  

Ерболат Досаев қалада су-жылумен қамтамасыз ету және басқа да түрлі кәсіпорындарға жататын көптеген люктер бар екенін атады.

«Бұл жоспарлы жұмыс, егер қала тұрғындары бір жерде мәселе шешілмегенін айтып жүгінса, біз оны бөлек қарастырамыз. Былтырдан бері ағымдағы жөндеу жұмыстары аудан әкімдіктеріне берілгені белгілі, қазір жұмыс қарқын алды, бірақ сапасы бойынша белгілі бір шағым бар. Биыл біз люктерді жөндеу бойынша жаңа стандартты бекітеміз және келесі жылдың көктемінде сол жаңа стандарт бойынша жұмыс істейміз», - деді Алматы әкімі.

Оқи отырыңыз: Алматыда дератизацияның екінші кезеңі жүргізілуде

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир