Алматыда дератизацияның екінші кезеңі жүргізілуде

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы тұрғыны қала әкімі Ерболат Досаевтың Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында дератизациялық өңдеуді жүргізуге назар аударды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала басшысы дератизация қызметтері техникалық жағынан толық жабдықталғанын және штаттық режимде жұмыс істейтінін, бұл мәселеде проблемалар жоқ екенін атап өтті.

Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы қалада дератизацияның екінші кезеңі жүргізіліп жатқанын айтты.

«Дератизацияның екінші кезеңі күзде басталды. 24 қазанға дейін қала дератизациялық жұмыстармен толық қамтамасыз етіледі», - деді Дулат Ашкенов.

Кеміргіштер анықталған жекелеген жағдайларда мегаполис әкімі Алматы қаласы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдауының ресми веб-порталы арқылы жүгінуді ұсынды.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев кәсіпкерлерді жазалау туралы тұрғындардың талабына жауап берді

Новости партнеров