Түркістан облысында 5 жасар бала суару каналына батып кетті

18.03.2024 16:37

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды

Сгенерировано ИИ

5 жасар бүлдіршін 16 наурызда түскі уақытта үйден шығып кетіп, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Куәгерлер суару каналынан баланың аяқ киімін көргенін айтты.

Іздеу жұмыстарына Төтенше жағдай департаменті мен жергілікті атқарушы органдардан және полиция қызметінен 93 адам және 4 техника жұмылдырылды.

"Іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 шақырым жердегі каналдан тауып, судан шығарып алды", – делінген Түркістан облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Астанада қоймадан ірі өрт шықты