|
29.01.2019 | 11:38
1839

Алматы облысында әйелін қорғамақ болған азамат ауылдасын өлтіріп алды

Алматы облысында әйелін қорғамақ болған азамат ауылдасын өлтіріп алды

Алматы облысының тәртіп сақшылары ауылдасын жұдырықпен ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Талғар ауданының 50 жастағы тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға 23 қаңтарда Талғар ауданындағы Тұздыбастау ауылында болған. Екі ауылдастың арасындағы тұрмыстық жанжал төбелеске ушығып, ауыр жарақат алған 52 жастағы ер адам, ауруханада көз жұмған. Тергеу барысында, көз жұмған азамат пен күдіктінің жұбайы арасындағы жанжал кезінде төбелес болғанын және күдікті жұбайын қорғау мақсатында осындай қадамға барғанын түсіндірді.

«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабына сәйкес, «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат ұсталды және Талғар ауданы полициясының уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Істі тергеу Талғар аудандық полиция қызметкерлерінің өндірісінде», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир