Оқиға Ресей астанасы Мәскеу қаласында болған.
Кісі өлтірді деп айыпталған күдікті сот залынан қашып кете жаздаған. Оқиға Ресей астанасы Мәскеу қаласында болған. Жағдайды Лайф.ру тілшісі видеоға түсіріп алыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Айыпталушы төбеге қарай өрмелеп тура сот залынан бостандыққа шығам деп ойласа керек. Полицейлер оны алғашында сөзбен райынан қайтармақ болады. Алайда одан нәтиже шықпағаннан кейін, күш қолдануға тура келді. Күзет мамандары қашқынмен бірнеше минут арпалысып, ақыры орнына қайтарды.
Еске салайын, күдікті өзінің туған әпкесін өлтірді деп айыпталып жатыр.