Оларды іздеуге 14 адам мен 2 техника жұмылдырылды
Самарқан су қоймасында екі бірдей балықшы тұманда жоғалып кетті. Кеше таңғы сағат 5:20-да Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Самарқан су қоймасы аумағында іздестіру шараларын қолға алды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Жұмыстар жаяу да, жол талғамайтын көліктермен де 3 топқа бөлініп жүргізілді. Құтқаруға Қарағанды облысының Төтенше жағдайлары қызметінен 14 адам мен 2 техника жұмылдырылды. Іздеу аумағы 12 шаршы шақырымды қамтыған. Қатты тұман жұмыстарды едәуір қиындатқанымен, жоғалған балықшылар аман-есен табылды.